“Құрылыс” кафедрасының қызметі өзекті кәсіби білімі бар және осы білімді құрылыс саласындағы тәжірибеде қолдана алатын білікті мамандарды дайындауға бағытталған.
Бірінші қабылдау 1994 жылы «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» және «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандықтары бойынша жүргізілді. 2004 жылдан бастап «Құрылыс» мамандығының «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» мамандандыруы бойынша бакалаврлар дайындалады.
«Құрылыс» кафедрасы 20 жыл ішінде 500-ден астам жоғары білікті мамандарды дайындап шығарды.
Кафедраның ғылыми-әдістемелік нұсқаулықтарының жалпы саны 500-ден асады. Олардың ішінде: 15 монография, 43 авторлық куәліктер және зерттеу патенттері, 20 оқу құралдары, жобаландыру және құрылыс бойынша 3 тәжірибешілік ұсыныс.
Іздестірушілерге, жобалаушыларға және құрылысшыларға ұсынылатын кафедраның эксперименттік-теориялық және тәжірибелік құрылымдар
1. Топырақтың суффозиялық сығылыштығын анықтау әдісі.
2. Ғимараттардың суффозиялық шөктіруін анықтау және болжау әдісі.
3.Күрделі топырақ жағдайларында негізді(фундамент) қалаудың тиімді әдіс-айлалары
4.Құрылысты –архитектуралық жобалау және т.б
«Құрылыс» кафедрасы архитектуралы-құрылысты қызмет жүргузіге арналған №000635 мемлекеттік лицензиясы бар.Студенттік жобалы-конструкторлік бюросы жұмыс істейді.
Түлектердің жұмысқа орналасуы
«Құрылыс»кафедрасының түлектерінің жұмысқа орналасуы 100%.Кешегі мамандықтарын оқып жүрген түлектердің жұмыс істейтін фирмаларының ауқымы кең.Олар: ТОО «Вершина», «Грань», «Стройтехноальянс», «Архитектурно-проектное предприятие».