Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Тәуелсіз Агенттігі академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ ұжымын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтуімен құттықтайды және келешекте ұжымның қызметі одан әрі тиімді болуын, сондай-ақ жаңа жетістіктерге жетуін тілейді. Біз институттың қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі мен жұмысқа саналы көзқарасы үшін алғысымызды білдіреміз.
БСҚ ҚТА Президенті, т.ғ.д., профессор Ш. Қаланова
Академик Қ. Сәтбаев ат. Екібастұз инженерлік-техникалық институты 2016 жылы білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (IQAA) (ҚР БҒМ 2012 жылғы 27 шілдесінен бастап № БММ-001 сертификат сериясы) бакалавр-оқыту деңгейі бойынша аккредиттеуден өтті.
«Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ» ІА № 0074 номерімен тіркелген институциялық аккредиттеу туралы куәлігі. ІА № 0074 куәлігінің қолданылу мерзімі: 07.06.2016 ж. – 04.06.2021 ж., куәліктің берілген күні 07.06.2016 ж.
5В070700 Тау-кен ісі;
5В071300 Көлік, көлік техникасы және технологиясы;
5В071700 Жылу техникасы;
5В071800 Электр энергетикасы - білім беру бағдарламалары бойынша «Академик Қ. Сәтбаев ат. ЕИТИ»
SA № 0089 номерімен тіркелген мамандырылған аккредиттеу туралы куәлігі. SА № 0089 куәлігінің қолданылу мерзімі: 07.06.2016 ж. – 04.06.2021 ж., куәліктің берілген күні 07.06.2016 ж.