БЕКІТЕМІН
К. Сәтбаев ат. ЕИТИ ректоры
Т.ғ.д., профессор_____ Б.Ұнайбаев
«_____»__________ 2011ж.
Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында студенттердің дуальді оқу түрі туралы
ЕРЕЖЕСІ
Екібастұз 2011
1. Жалпы ережелері
1.1 Академик Қ. Сәтбаев атындағы ЕИТИ студенттердің дуальді оқу түрі туралы ережесі (одан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңын іске асыру мақсатында және кредиттік оқу технологиясы бойынша (2011 ж. 20 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің № 152 бұйрығы) оқу барысын ұйымдастыру Ережелеріне, жоғары оқу орындарында білім алушылардың академиялық ұтқырлық Тұжырымдамасына (Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің кеңейтілген Алқасы аясында ректорлардың жиналысында 2011 ж. 19 қаңтарынан бастап бекітілді), дуальді оқу түрін енгізуді қарастыратын, 2011...2020 жылдарға Қазақстан Республикасының Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына, Болон процесі аясында білім беру мекемелерімен жүзеге асырылатын, халықаралық ынтымақтастық ұйымының Ережелеріне сәйкес (2007 ж. 27 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің № 661 бұйрығы) өңделіп шығарылды.
1.2 Дуальді оқу түрі білім беру мекемесінде және өндірісте қатар (параллель) оқуды білдіреді. Оқыту негізіне теориясы мен тәжірибесі арасындағы қарым қатынас қағидасы кіреді.
1.3 Дуальді оқу түрінің артықшылықтары:
- кәсіпорында тәжірибелік білім комбинациясының арқасында студенттер оқып жүріп, ғылыми біліктілікке және негізделген тәжірибеге ие болады;
- оқу кезінде өндірістік үдерістермен танысқан, мамандардың білікті жас ұрпағы кәсіпорынға тез қосылады;
- институт кәсіпорынмен бірге қарқынды ынтымақтастығының арқасында ұтымды болады және оқудың тәжірибелік бөлігін нығайтады, инновациялық технологияларды білуге уақытылы рұқсаты бар және зертханалық базаны жаңартатын мүмкіндігі бар.
Студенттер, кәсіпорындар, институт дуальді оқу жүйесі енгізілгеннен бастап, одан бірдей пада алады.
1.4 Академик Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында барлық мамандықтар үшін, күндізгі оқу түрінде қысқартылған білім бағдарламасы бойынша кәсіптік-техникалық білім негізінде оқитын студенттеріне дуальді оқу жүйесі енгізіледі.
Бакалавриат оқу бағдарламасы бойынша дуальді жүйені қолданатын оқудың мақсаты, теориялық оқуды тәжірибемен сауатты үйлестіре отырып, кәсіптік әлемдегі өзгерістерді ескеріп, бакалаврдың академиялық дәрежесін алу болып табылады. Ғылыми негізделген оқу бағдарламаларды құрастыру, негізгі кеңейтілген білім қатарында кәсіби бағытталған тәжірибелік білімдер береді.
Кәсіпорынға институттан жоғары білімді, тар бағытты кәсіптік дағдылары бар жас мамандар барады.
Институт өз орнын білім беру нарығында таба алады және негізгі кәсіпорындардың көмегімен зертханалық базаны жаңа жабдықпен уақытында жаңарта алады.
1.5 Білім берудің мазмұнын жоспарлау, оқу барысты ұйымдастыру және жүргізу әдісі институтпен кредиттік оқу технологиясы негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік оқу технологиясы кезінде студенттермен орындалатын өзіндік жұмыстың – оқу-әдістемелік әдебиетпен және нұсқаулықтармен қамтамасыз етілген, тесттер, есептер және т.б. түрінде бақылауға алынатын белгілі бір тақырыптар тізімі бойынша (сондай-ақ, өзіндік тануға берілген) жұмыстың көлемі көбееді.
Институтпен оқу барысы, ақпараттық көздермен: оқулықтармен, оқу құралдармен, әдістемелік құралдармен және оқу пәндердің өңделген басылымдарымен, өзіндік жұмыс бойынша нұсқамалармен, электрондық оқулықтармен, желілік білім беру ресурстарына кіру рұқсатымен, толық көлемде қамтамасыз етіледі. ЕИТИ негізгі кәсіпорынмен тығыз байланыста жұмыса жасайды, оқу барысында болашақ мамандарға қойылатын талаптарды ескереді.
-
Дуальді оқу жүйесіндегі негізгі кәсіпорын туралы
- Білікті мамандарды даярлайтын білім беру мекемесімен (одан әрі – институт) жасасқан келісімшарты бар кәсіпорын (қауымдастық, мекеме) (одан әрі – Негізгі кәсіпорын) меншік нысандарына қарамастан дуальді оқу жүйесіндегі осы оқу орынның негізгі кәсіпорны болып табылады.
- Институтта бір-бірімен жасасқан бірлесу туралы келісімшарттары бар негізгі кәсіпорындардың тізбесі құрастырылады. Бұл тізім институтқа талапкерлерді қабылдау үшін негіз болып табылады. Кейбір жағдайдарда талапкер серіктес-кәсіпорынды өзі ұсына алады. Қолданыстағы талаптарға сәйкес келетін кәсіпорынға тексерісті жүргізу тиісті мамандықтың кафедра меңгерушісіне және факультет деканына жүктеледі.
- Институт пен ненгізгі кәсіпорын арасында, Кәсіпорын мен студент, институт пен студент арасында тиісті келісімшарттар жасалады. (1,2,3 Қосымшасы).
- Институт және кәсіпорын үйлестірілген комиссияны құрайды. Оның міндетіне оқудың мазмұнына келісу, ақпаратпен алмасу және стденттер-тәжірибеден өтушілер үшін орындарды анықтау жатады. Үйлестірілген комиссия жылына бір рет жиналады.
- Негізгі кәсіпорын мен институттың бірлескен жұмысының негізгі талабы:
- жұмыс берушінің талабына сәйкес білікті мамандарды даярлау;
-
институт түлектерін еңбекке тұрғызумен қамтамасыз ету.
- Негізгі кәсіпорын міндетті:
- институтты қазіргі заманғы жабдықпен және жаңа техникамен өзара есеп айырысуларды ескеріп мамандарды даярлаған үшін ақысыз жабдықтауға;
- өндірістік оқу шеберлеріне, институттың арнайы пәндерді оқытатын оқытушыларына олардың біліктілігін жоғарлату немесе негізгі және қосымша мамандықтарды меңгеру мақсатында белгіленген тәртіпте сынақтан өтулерін қамтамасыз етуге, олардың оқуын ИКТ бойынша ұйымдастыруға;
- болашақ маманның жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында қажетті жағдайларды құру үшін институтқа жанжақты көмек көрсетуге.
2.7 Студенттермен өндірістік оқу немесе өндірістік тәжірибеден өту кезінде Негізгі кәсіпорын өндірістік жағдайларды міндетті:
- студенттерді мамандықтарды, нақты объектілерді және жұмыс орындарын, орындалатын жұмыс түрлерін, еңбек ақысын төлеу жүйесін белгілеумен өндірістік оқуға және өндірістік тәжірибеге қабылдау туралы бұйрығын шығаруға;
- студенттерге теоретикалық материалды зерттеу үшін бөлме беруге;
- студенттерді нарықтық және экономикалық жағдайларда еңбекті ұйымдастыру және ынталандыру нысандарымен, жаңа техникамен және өндірістік технологиясымен, еңбектің озық әдістерімен таныстыруға;
- студенттерді уақытында техникалық құжаттамамен, материалдармен, детальдармен, құрылымдаулармен, құрал-саймандармен, құрылғылармен, жабдықтармен қамтамасыз етуге;
- кәсіпорынның даму жоспарын және еңбектің өндірілуінің жоғарлауын ескере отырып, институт оқытушыларына студенттерге арналған нақты тәжірибелік тапсырмаларды өңдеу кезінде көмек көрсетуге;
- білікті жұмысшыларды кәсіптік даярлауға міндеттелетін еңбекті қорғау бойынша ережелері мен нормаларына және талаптарына сәйкес студенттердің өндірістік тәжірибесінің салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын құруға;
- студенттердің орындаған жұмыстарының сапасын бақылауды жүзеге асыруға, оларға кіріспе нұсқаманы жүргізуге. Кәсіпорындағы тиісті мамандықтардың жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіпте оқып жүрген студенттерге қауіпсіз техникасы бойынша нұсқаманы жүргізуге.
- Студенттердің дуальді оқу жүйесін іске асыру
- Институтқа техникалық және кәсіптік білімі бар, КТА сәтті тапсырған және серіктес-кәсіпорынмен келісімшартқа қол қойған талапкерлері қабылданады. Қысқартылған бағдарламасы бойынша оқу мерзімі 3 жылға созылады. Оқу барысы жоғары білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарына және мамандықтардың үлгі оқу жоспарларына сәйкес қатаң түрде ұйымдастырылады.
- Академиялық күнтүзбелік, элективті пәндер каталогы, жұмыс оқу жоспары үйлестірілген комиссиясымен келісіледі.
- Дуальді оқу жүйесі екі кезеңнен тұрады: теоретикалық және тәжірибелік.
Мамандықтардың оқу бағдарламасы Институт пен Серіктес-кәсіпорынмен тығыз бірлесуімен іске асырылады, яғни теоретикалық оқу кезеңі институттың аудиторияларында және зертханаларында жүргізіледі, ал тәжірибелік кезеңі кәсіпорынның жұмыс орындарында.
- Оқу жылы аясында оқу барысты ұйымдастыру академиялық күнтізбелік негізінде жүзеге асырылады. Оқу жылы 15 апта ұзақтылығымен академиялық кезеңдерінен тұрады. Жұмыс оқу жоспары оқу жылына үлгі оқу жоспарлары мен студенттердің жеке оқу жоспарлары негізінде әзірленеді, семестрде кредиттердің саны 19 аспайды.
ЕИТИ дуальді оқу түрікелесі апталық кестесі бойынша жүргізіледі:
- Институттың аудиториялары мен зертханаларында 15.40 бастап 19.40 дейін 3 күндік теоретикалық оқыту
-
Серіктес-кәсіпорынның жұмыс орындарында 8.00 бастап 17.00 дейін 2 күндік тәжірибелік оқыту.
- міндетті құрауыштың пәндер тізбесі үлгі оқу жоспарымен анықталады. Техникалық және кәсіптік білім негізінде оқитын білім алушылары үшін білім беру бағдарламаларында міндетті құрауыш пәндердің көлемін қысқартуға рұқсат беріледі. Осылайша, қысқарту оның алдында білім беру деңгеінде меңгерген пәндердің күрделілігінің азаюна байланысты қамтамасыз етіледі.
Таңдау бойынша құрауышқа бөлінген кредиттердің көлеміне сәйкес, кафедралар элективті пәндер каталогын әзірлейді. Элективті пәндер каталогы студенттерге баламалы оқу пәндерін таңдауға мүмкіндік береді.
- Күндізгі оқу түрінде оқитын студенттер үшін академиялық күнтізбелікті құрастыру кезінде жылына екіден кем емес жалпы ұзақтылығы 8 аптадан кем емес демалысты қарастыру қажет.
- Қосымша оқу түрлерінде қажеттіліктерді қанағаттандыру, оқу бағдарламасындағы және академиялық қарыздағы айырмашылықты жою үшін жоғары оқу орнымен 6 аптаға созылған жазғы семестрі енгізіледі.
- Кредиттік оқу технологиясы кезінде студент өз бетінше өзінің білім бағдарламасын жоспарлайды, жеке оқу траекториясын таңдайды.
- Осы жағдайды қамтамасыз ету үшін жоғарғы оқу орны:
- Студентке мамандықтың үлгі оқу жоспарын және элективті пәндер каталогын береді;
-
Оқу пәндеріне жазылу рәсімді ұйымдастырады.
- Әдеттегідей, 2 және жоғары курстардың студенттері оқу пәндеріне жазылу рәсімді наурыздың ортасынан бастайды. 1-ші курс студенттері үшін оқу пәндеріне жазылу институтқа қабылданғаннан кейін сабақтары басталмай тұрып жүргізіледі.
- Оқу пәндеріне жазылу рәсімі Кеңсе тіркеушісімен жүргізіледі, сөйте тұра жоғарғы оқу орнымен оқу пәндеріне жазылу рәсімі электрондық, сондай-ақ жазбаша түрде ұйымдастырылады.
- Оқу пәндеріне жазылудың нәтижелері бойынша:
- Студент өзінің жеке оқу жоспарын құрастырады;
-
Кеңсе тіркеушісі академиялық ағымдар мен топтарды құрастырады.
- Барлық студенттердің жеке оқу жоспарлары үш данада құрастырылады және факультет деканымен бекітіледі.
3.14 Деканат жұмыс оқу жоспарын бекітілген оқу жоспарлары негізінде жұмыс оқу жоспарын құрастырады.
Жұмыс оқу жоспарларында пәннің жалпы күрделілігі кредиттермен белгіленеді, ал олар сабақтардың түрлері бойынша (дәрістер, семинарлар, тәжірибелік сабақтар, зертханалық жұмыстар) бөлінеді, СОӨЖ белгілей отырып, өзіндік жұмыстың көлемі – академиялық сағаттарда.
- Мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары жоо Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
- Жұмыс оқу жоспарлары ПОҚ оқу жұмысының көлемін есептеу және сабақ кестелерін құрастыру үшін негізі болып келеді.
- ПОҚ оқу жұмысының көлемін есептеуді кафедра меңгерушісі жүзеге асырады.
Ол үшін әрбір кафедраға оқу-әдістемелік кеңесінің шешімімен оқу пәндері міндеттеледі.
- Бүкіл білім беру технологиясының тиімділігін, объективтілігін және сапасын арттыру мақсатында оқу барыстары және қорытынды бақылау білімдері ажыратылады.
Студенттердің оқу жетістіктері «білім алушылардың үлгерімінің ағымдағы бақылауды, екі арадағы және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгі ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының БҒМ № 125 бұйрығына сәйкес білімді бағалаудың әріптік балл-рейтингтік жүйесімен бағаланады.
Оқыту барысты тиісті кафедра жүзеге асырады. Ағымдағы және аралық бақылаудың барлық түрлерін және білім алушылардың тиісті бағалауын оқытатын ақытушы жүргізеді. Ол баға осы оқу пән бойынша қорытынды білімді бағалаудың 60% құрайды.
- Білімдерге қорытынды бақылау тіркеу (кеңсесімен) бөлімімен екі арадағы атестаттау кезінде жүргізіледі, ол баға осы оқу пән бойынша қорытынды білімді бағалаудың 40% құрайды. Осыған байланысты емтиханда қойған бағасы емес, қорытында бағасы қойылады. Онда ағымдағы, аралық және қорытынды бақылаудың бағаларыда кіреді.
Қорытынды бағалау тек қорытынды бақылау бойынша студентпен оңды баға алған кезде ғана есептеледі, осыған орай тиісті пән бойынша бекітідген кредиттер санымен алған кредиттерге қосымша алуға негіз болады.
- Студенттерге екі арадағы аттестаттауға кіру факультет деканының өкімімен тіркеледі. Онда студенттің мамандығы, тегі, аты-жөні, курсы және академиялық тобы көрсетіледі.
- Қорытынды бақылауды жүргізу үшін емтихан алушысына тіркеуші бөлімімен (кеңсесімен) емтихандық ведомость беріледі, онда студентпен академиялық кезең бойы жинаған рұқсатнама рейтингісін белгілеумен баллдар және бағалар қойылуы тиіс.
Емтихан алушы тек рұқсатнама рейтингісі бар студенттерден ғана емтихан ала алады. Егер жұмыс оқу жоспарына сәйкес пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау қарастырылса, онда емтиханға міндетті кіру рұқсаты оны қорғаған оңды бағасының көрініс табуы болып табылады. Оңды бағаларға А, А бастап D+, D дейінгі бағалар жатады.
Емтихан алушы емтихандық ведомосқа қорытынды бақылаудың бағасын тіркейді және есептеу арқылы студенттің пән бойынша қорытынды бағасын қояды. Емтиханда «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған кезде қорытынды бағалауды есептеу жүргізілмейді.
Оңды баға емтихан алушымен ведомосқа және сынақ кітапшасына (транскрипт) жиналған кредиттерді белгілеумен қойылады.
Емтихандық ведомосы тіркеу бөліміне тапсырылады, онда бөлім барлық оқу кезеңі аралығында бүкіл білім алушылары бойынша кредиттердің санын есептеумен және жинақтаумен айналысады.
Әрбір оқу пәннің емтихандық ведомостарының негізінде деканатта екі арадағы аттестаттау бойынша жиынтық ведомосы жүргізіледі.
- Қорытынды бақылау түрі бойынша «қанағаттанарлықсыз» бағасын алған студент ақылы негізде кейінгі академиялық кезеңі аралығында қайтадан осы пәнді тыңдап шығуға және тапсыруға құқығы бар. Сөйтіп, ол пәннің бағдарламасымен қарастырылған бақылаудың барлық түрлерінен қайтадан өтуі тиіс.
- Қорытынды бақылау бойынша оңды бағасы оны жоғарлату мақсатында рұқсат етілмейді. Студент өз бағасымен келіспесе, апелляция беріп шағым беруге құқығы бар. Осы мақсатпен екі арадағы атесттаттау кезеңіне қарай факультет деканының өкімімен, емтихандық сессияға кәсіптік пәннің біліктілігіне сәйкес келетін оқытушылар қатарынан апелляциялық комиссиясы құрылады.
- Қорытынды бақылаудың нәтижелері бойынша тіркеу бөлімімен студенттердің академиялық рейтингісі және GPA ведомосы құрастырылады.
- Академиялық қарызы бар студентьі жоо шығаруға болмайды. Егер студентпен өткізу баллы жиналмаса, онда ол оқу курсына қайтадан қалдырылады. Ондай жағдайда, студент өзінің бұрынғы жеке оқу жоспарын толықтырып орындайды немесе оны белгіленген тәртіппен жаңадан құрастыра алады.
- Академиялық қарыз – ол қорытынды бақылауға кіргізілмеу, емтиханда «қанағаттанарлықсыз» бағасын алу немесе емтиханға мүлдем келмеу нәтижесінде пайда болған студенттің қарызы.
- Білім алушының GPA белгіленген өткізу баллдан төмен болса, онда ол оқу курсына қайтадан қалдырылады.
- Оқу барысы субъектерінің өзара әрекеттестігінің электронды сызбасы
4.1 Дуальді оқу жүйесімен оқитын және Екібастұз қаласының шетіндегі кәсіпорындарында жұмыс жасайтын студенттері үшін оқу барысы субъектерінің өзара әрекеттестігінің электронды сызбасы әзірленді: студент, оқытушы, кафедра, деканат, оқу жүйесін автоматтандыру орталығы.
4.2 Оқу барысының іске асырылуы қағаз, электронды және өзге тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдарды жинақтарды (кейстерді) құрастыруына және білім алушыларға өзіндік зерттеу үшін жіберуге негізделген технологиясы бойынша жүзеге асырылады.
4.3 Электронды пошта арқылы студенттерге ОӘЭПК жіберіледі. Ол арқылы білім алушыларға білім беру бағдарламаны меңгеру және іске асыру қамтамасыз етіледі.
4.4 ОӘЭПК тиісті мамандықты шығаратын кафедрасымен өңделеді және мыналардан тұрады:
- пәннің мазмұны, күнтізбелік-тақырыптық жоспары, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), пәннің модульдік бөлінуі, бақылау жұмыстарына арналған тапсырмалары бар жұмыс оқу жоспары;
- дәрістердің электрондық конспектісі;
- тәжірибелік және семинарлық сабақтардың материалдары;
- зертханалық практикумынан (тапсырмалар, есептер, әдістемелік нұсқамалар);
- СӨЖ және СОӨЖ арналған тапсырмалар;
- аралық бақылауды ұйымдастыру бойынша тесттер;
- қорытынды бақылауды ұйымдастыру бойынша материалдар (тестілік емтихандық тапсырмалар, емтихандық сұрақтар);
- оқытушылардың байланыс мәліметтері.
4.5 ОӘЭПК қосымша ретінде пәннің оқу материалын меңгеруге көмектесетін курстық жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар, оқу және оқу-әдістемелік құралдардың мультимедиялық нұсқалары және өзге материалдары жатады.
4.6 Студенттер оқу материалына өз бетінше дайындалады және институтта білімдерін бақылаудан өтеді.
4.7 Оқытушы мен студенттің өзара әрекеттестігі электронды пошта, Skipe арқылы жүзеге асырылады.