Профессор З.А.Галимова атындағы «Экономика және менеджмент» кафедрасы 1994 жылы Павлодарлық индустриалды институтының Екібастұз филиалы негізінде қаланған.
2004 жылы қазіргі уақытқа дейін «проф. Галимов З.А. атындағы экономика және менеджмент» кафедрасы кредитті жүйе негізінде, келесі мамандықтар бойынша «экономика және менджмент» бакалаврларды оқытады.
Кафедра оқытушыларының 600-ден аса ғылыми методикалық басылымдары,соның ішінде оқу құралдары мен монографиялары бар.
Кафедрада оқу үрдісі 16 жоғары-білікті ұстаздармен,соның ішінде 1 ғылым докторы, 6 экономика ғылымының кандидаттары,сонымен қатар үлкен өндірістік және оқытушылық өтілдері бар ұстаздармен өткізіледі.
5В050600 экономика мамандығындағы түлекке академиялық дәрежеде экономика бакалавры беріледі. Экономика бакалавры экономист, аналитик, сонымен қатар әр түрлі басқару қызметтерін таңдай алады.
5В050700 менеджмент мамандығындағы түлекке академиялық дәрежеде менеджмент бакалавры беріледі. Менеджмент бакалавры түрлі экономикалық құрылымдарда, әлеуметтік қызмет органдарында, басқару органдарында, әр түрлі ұйымдарда жұмыс істей алады.
Жоғарғы кәсіби білім беру бағдарламасын ойдағыдай игерген түлектер, кейін оқуын магистратураларда және докторантураларда жалғастыра алады.
Түлектердің жұмысқа орналасуы
«Экономика және менеджмент» кафедрасындағы түлектердің жұмысқа орналасуы 100% құрайды. Институтты бітіріп кеткен түлектердің жұмыс істейтін мекемелері және фирмаларының жиыны кең. ЖШС «Богатырь көмір», ЖШС «Вершина», ЖШС «Грань», ЖШС «Жұмыс үй», АҚ «ЕМАЭС-1», ЖШС «Каз Транс Уголь», АҚ ЕЭК «Восточный» кеніші,сонымен қатар Екібастұздың банктері, осының барлығы қаланың жетекші кәсіпорындары.
Кафедра түлектеріне сұраныс жоғары.Студенттермен келісімшарттар 3-ші курстан тұрғызылады.