31наурыздың 2016 жылы ак.Қ.И.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында «Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығы мен жағдайы» атты «Құқық негіздері» пәнін өтіп жүрген 2 курс студенттерінің арасында дебат өткізілді. Дебатты Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д. Н.А. Кебина сөз сөйледі. Бүгінгі күннің отбасы әлемдік деңгейіндегі отбасылардың басты мәселесі туралы өз пікірімен бөлісіп, тақырып бүгінгі күні өте өзекті екеніне тоқталды.
Дебатқа екі команда қатысты: «Правительство» командасының спикерлері: Сабыр Салтанат, Баянтай Оразәлі, Шаймагамбетов Әділ және Игнатова Арина.
«Оппозиция» командасының спикерлері:
Асылбеков Рустам, Габьева Анна, Жакаманов Нұрсұлтан, Мухитов Даулет
Сабыр Салтанат философиялық ойын тақырыпқа сай жеткізе білді, көптеген деректер келдіріп өз сөзін дәлелдей білді.
Асылбеков Рустам:,
олардың айтқандарымен келіспей, статистикалық көрсеткіштерін басқа бағытпен жеткізіп көрді. Ол 2,5 мың балалардың әкелері тірі, бірақ олар балаларына тек ақшалай алимент төлейді, ал олардың тәрбиесімен айналыспайтынын дәлелдеді.
Баянтай Оразәлі өз командасының ойын әрі қарай жалғастырды ,дамыту дәлелдемесін келтірді. Контраргументтер және дәлелдемелерді оппозицияның бірінші спикері даулы пайымдауларды қалпына келтіріп, өз кейсіне жаңа дәлелдер, фактілер, мысалдар келтірді.
Габьева Анна қарсыласы пайымдауларын жоққа шығарды, барынша сындарлы көптеген фактілер мен мысалдар келдіріп өз ұстанымын дәлелдеді.
ШаймагамбетовӘділ шешндік таныта білді.
Жакаманов Нұрсұлтан айтылған деректемелердің қортындысын шығара білід.
МухитовДаулет жаңа дәлелдер енгізуге тырысты, ол ескерту алды, өйткені ережелері бойынша пікірталас енгізуге болмайды. Жалпы дебат өте қызықты өтті.